Басты жаңалықтар
Түркістан жастары патриоттық аквагриммен референдумға қатысты

Түркістан қаласының жастары республикалық референдумға ерекше форматта қатысып, өз таңдауларын жасады. Олар беттеріне патриоттық аквагрим салып, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық нақыштағы белгілер арқылы елге деген сүйіспеншілігін көрсетті, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Жастардың бұл бастамасы олардың қоғамдағы маңызды саяси науқанға бейжай қарамай, белсенді қатысатынын аңғартты. Патриоттық аквагрим арқылы олар Отанға деген құрметін білдіріп, ел болашағына қатысты шешім қабылдау үдерісіне өз үлестерін қосты.

Қаланың бірқатар дауыс беру учаскелерінде жастардың осындай ерекше форматта келуі тұрғындардың көңіл күйін көтеріп, референдумға деген қызығушылықты арттырды.



