Басты жаңалықтар

Түркістанда көкпардан әлем чемпионаты өтеді

Түркістандағы жаңа атшабарда 15–21 наурыз аралығында көкпардан екінші әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Жарыс Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылып, оған 10 елдің спортшылары қатысады деп күтілуде. Чемпионат Дүниежүзілік «Көкпар» қауымдастығының ережелеріне сәйкес өткізіліп, аталған ұйым бекіткен төрешілер төрелік етеді.

Дүбірлі додада тек ұлттық құрамалар бақ сынайды. Қазақстан құрамасы сапында ел намысын Есжан Құрманбай мен Ернат Мәлімбай (Жамбыл облысы), Асылжан Мамыт пен Нұрислам Төлеп (Түркістан облысы) қорғайды.

Айта кетейік, көкпардан алғашқы әлем чемпионаты 2017 жылы Астанада өткен EXPO-2017 халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылған. Сол жарыста Қазақстан құрамасы чемпион атанған болатын.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 30 миллион теңгені құрайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button