Күндерек
Қазақстан 2025 жылы 10,9 мың тонна гүл импорттаған

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы Қазақстан 77,6 млн доллар көлемінде 10 954 тонна гүл мен гүл бүршігін импорттаған. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 1,4 мың тоннаға аз, деп хабарлайды turkistanlife.kz
Гүлдердің негізгі жеткізушісі – Эквадор. Жалпы импорттың 41,9%-ы немесе 4 586 тоннасы осы елден келген. Сондай-ақ ірі көлемде гүл Қытайдан (2 678 тонна), Нидерландтан (1 702 тонна), Колумбиядан (778 тонна) және Кениядан (739 тонна) әкелінген.
Жалпы былтыр Қазақстанға гүлдер 45 елден жеткізілген. Импорттың басым бөлігін раушан гүлдері құрайды – 6 219 тонна.



