Басты жаңалықтар

Конституциялық реформалар мен көлік әлеуетін дамыту талқыланды

Көлік министрлігінде Роман Склярдың қатысуымен өткен алқа отырысында конституциялық реформалардың салаға әсері мен көлік инфрақұрылымын жаңғырту жоспары талқыланды. Үкімет басшысының орынбасары жүк тасымалы мен жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Жиынға Президент Әкімшілігі мен Үкімет Аппаратының, ведомствоға қарасты ұйымдардың және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Алқа отырысында жаңа Конституцияны әзірлеу және елдегі саяси реформалар кезеңінде өткізіліп отырғаны айтылды. Скляр өз сөзінде жаңа Конституция жобасының саяси мәдениетті арттыру және қоғамдағы белсенділікті күшейтуге бағытталғанын атап өтті.

Көлік саласында атқарылған жұмыстар мен маңызды жобалар: Теміржол инфрақұрылымында «Дарбаза — Мақтаарал» және «Мойынты — Қызылжар» сияқты ірі бағыттар бойынша құрылыс жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ Алматы айналма теміржол желісі мен Достық–Мойынты учаскесі іске қосылды. Автожол саласында 13 000-нан астам шақырым жол жөнделіп, реконструкцияланды; бұл бағыттағы жұмыстар 2026 жылы да 11 000 км-ға дейін жалғасады. Азаматтық авиация саласында қауіпсіздік стандарттары жоғары деңгейге жетіп, әуеайлақтар мен инфрақұрылымды дамыту жоспарлануда. 2026 жыл соңына дейін отандық әуе компаниялары паркке 9 жаңа әуе кемесін қосады. Ақтау мен Құрық порттарын мультимодальды тасымал үшін жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын.

Отырыста 2026 жылға арналған басым бағыттар айқындап, жолаушылар мен жүк тасымалын арттыру, көлік-логистика жүйесін одан әрі модернизациялау бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button