Басты жаңалықтар

Мемлекеттік қолдау – нақты нәтиже: Ордабасыда жылқы бордақылау алаңы іске қосылды

Түркістан облысы, Қараспан ауыл округінің тұрғыны Нұржан Сәуленбеков 2021 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 25 млн теңге жеңілдетілген несие алып, өз қаражаты есебінен 15 млн теңгеге заманауи жылқы бордақылау алаңын іске қосты, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Жоба бастапқы кезеңде 60 бас жылқымен іске қосылып, бүгінде мал басы 150-ге жеткен. Қараспанда жүзеге асып жатқан бұл жоба – мемлекеттік бағдарламаның нақты нәтижесін көрсететін табысты бастамалардың бірі.

Кәсіпкердің сөзінше, жылқы бордақылау мерзімі орта есеппен 100 күнді құрайды. Осы кезеңде әр жылқыдан шамамен 70 мың теңге көлемінде пайда түседі. Шаруашылықта ай сайын 20 тоннаға дейін жем пайдаланылады. Мал күтімі мен азықтандыру жұмыстары белгіленген тәртіппен, тұрақты түрде жүргізіледі. Сонымен қатар, алаңда 6 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл ауыл тұрғындарының табысын арттыруға оң әсерін тигізуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button