Басты жаңалықтар

Түркістан облысының оқушылары ел чемпионатынан жүлдемен оралды

Қарағанды қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының қоғамдық-гуманитарлық бағытында Түркістан облысының жас зияткерлері үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Түркістан облысының намысын қорғаған 15 оқушының 7-еуі жүлделі орындарды иеленіп, өңірдің білім деңгейінің жоғары екенін дәлелдеді.

Республикалық қорытынды кезеңде бақ сынаған түркістандық шәкірттер 2 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль иегері атанды. Сонымен қатар, 3 оқушы арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Ғылыми доданың ең жоғары сатысы — бірінші орынды екі оқушы иеленді. Түркістан қаласындағы «Тұлға» мектебінің 10-сынып оқушысы Назлы Сабиржанова ағылшын тіл білімі секциясында үздік шықса, Түлкібас ауданының үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Айгерім Пірімжан«Адам және қоғам» секциясында алтын медальға ие болды.
Күміс жүлде Түркістан қаласы, Т.Бигелдинов атындағы №16 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Қарақат Бауыржанқызына қазақ тілі секциясындағы сәтті қорғауы үшін бұйырды. Мәртебелі үшінші орынды төрт оқушы өзара бөлісті. Орыс тілі секциясы бойынша Кентау қаласындағы «Дарын» мектеп-интернатының оқушысы Тоғжан Үсенмен Отырар ауданындағы А.Дәрібаев атындағы мектептің оқушысы Сымбат Кәдірбек үздіктер қатарынан көрінді. Ағылшын тілі секциясында Арыс қаласындағы «Білім-инновация» лицейінің 11-сынып оқушысы Арман Абилда қола жүлдегер атанды. Әдебиет секциясы бойынша Түркістан қаласындағы «Тұлға» мектебінің 9-сынып оқушысы Әли Сүлейжүлдегерлер тізімін толықтырды. Бұдан бөлек, Азиз Аламдар (Түлкібас ауданы), Айсамал Араб және Аяулым Тұрсынхан (Жетісай ауданы) сынды жас зерттеушілер ғылыми жобаларының өзектілігі үшін арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.

Түркістан облысының білім саласындағы бұл жетістігі – ұстаздардың қажырлы еңбегі мен оқушылардың терең білімінің жемісі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button