Басты жаңалықтар

Түркістанда қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту мәселелері талқыланды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өткен апталық штаб отырысында өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал сарапталды, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында өткен жиында аудан, қала әкімдерінің орынбасарларына тұрақтылықты қамтамасыз ету мен халықпен кері байланысты күшейту бойынша нақты міндеттер жүктелді.

Жиын барысында өңірдегі өзекті мәселелер талқыланып, ел бірлігін нығайту, қоғамдық-саяси-ахуалды жақсарту бағытында келелі ойлар мен ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар сауалдар қойылды.

Штаб отырысында Ертай Кенжебекұлы Мемлекет басшысының халқымыздың ұлттық бірегейлігі мен бірлігін нығайту бағытындағы міндетін атап өтіп, өңірдегі қоғамдық ахуалдың тұрақты бақылауда болуы керектігін айтты. Сондай-ақ тұрғындардың талап-тілектері мен өтініштеріне жедел әрі тиімді жауап беру маңызды екенін жеткізді. Бұдан бөлек алдағы референдум бойынша халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Жиын қорытындысында жауаптыларға нақты міндеттер жүктеліп, берілген тапсырмалардың уақтылы әрі сапалы орындалуы бақылауда болатыны ескертілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button