Басты жаңалықтар

Сайрамдық боксшылар республикалық турнирде жүлделі орындарға ие болды

Шымкент қаласында бокстан «Еламан» спорт клубының республикалық ашық біріншілігі мәресіне жетті, деп хабарлайды turkistanlife.kz

14-17 ақпан аралығында өткен тартысты додада Қазақстанның түрлі аймақтары мен Өзбекстан Республикасынан келген 300-ге жуық жас былғары қолғап шебері бақ сынасты. Нәтижесінде жоғары шеберлік танытқан Сайрам ауданының спортшылары жеңіс тұғырынан көрініп, жүлделі орындарды иеленді.

Дүбірлі додада Сайрам ауданының намысын қорғаған жас талантымыз Пернебек Асылбек 49 кг салмақта барлық қарсыластарын қапы қалдырып, алтын тұғырдан көрінді!

Сондай-ақ тартысты өткен финалда Көмекбай Нұрбол 52 кг салмақта күміс жүек (32 кг), Тілеуқабыл Иманғали (48 кг), Лесбек Бекзат (43 кг), Қожамжар Дулат (50 кг), Илият Райымбек (61 кг) және Әсетбай Нұрислам (40 кг) сынды спортшыларымыз қола жүлдені қанжығасына байлады.

Бұл жеңістер – жас өрендерді баптап, үлкен спортқа бағыт беріп жүрген білікті жаттықтырушылар Нүркен Сыздықов пен Алымжан Мирзакуловтың тынымсыз еңбегінің жемісі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button