Түркістан облысының Білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтың өкімімен Түркістан облысының білім басқармасының басшысы қызметіне Орынов Ғалымжан тағайындалды, деп хабарлайды turkistanlife.kz
Ғалымжан Қалдыкөзұлы – мемлекеттік басқару, қаржы және қоғамдық секторда көпжылдық тәжірибесі бар кәсіби басқарушы. Экономика ғылымдарының магистрі. Қазақстанда және шетелде білім алған: Қазақ Тұтыну кооперациясы институты, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы аясында Syracuse University (АҚШ) базасында мемлекеттік саясат және мемлекеттік басқару салалары бойынша білімін жетілдірген. Халықаралық және ұлттық кәсіби біліктіліктерге ие: ACCA (Ұлыбритания) аясында халықаралық аудит және мемлекеттік сектор аудиті, сондай-ақ «Мемлекеттік аудитор» сертификаты. Еңбек жолын 1996 жылы салық органдарында бастап, мемлекеттік қызметте көп жылдар бойы жауапты басшылық қызметтер атқарған



