Жылына 55 мың тонна «жасыл» сутегі: Қазақстанда жаңа ауқымды энергетикалық кешен пайда болуы мүмкін

Шығыс Қазақстан облысында құны шамамен 2 миллиард АҚШ долларын құрайтын «Жасыл энергетикалық кешен» жобасын іске асыру мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл туралы Мемлекет басшысының Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында қол қойылған меморандумда айтылған.
Құжатқа Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі және кореялық YPP Corporation компаниясы қол қойды.
Жобаның негізгі параметрлері:
• Кешен жылына 55 мың тоннаға дейін «жасыл» сутегі немесе 310 мың тоннаға дейін «жасыл» аммиак өндіруге қабілетті.
• Жалпы қуаты шамамен 1 ГВт болатын ЖЭК нысандарын салу жоспарланған.
• Жобаның орындылығы расталған жағдайда шамамен 2 млрд долларды құрайды.
Меморандум Қазақстан мен Корея арасындағы сутегі және жаңартылатын энергетика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты, атап айтқанда бірлескен зерттеулер мен тәжірибе алмасуды көздейді.



