ЖАС ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ: Ордабасы ауданында тұрғындар сайлауға ұлттық киім киіп келді

Ордабасы ауданында сайлаушылар өз азаматтық таңдауын жасау үшін сайлау учаскелеріне белсенді түрде келуде. Бүгінгі маңызды науқанда ұлттық киімдерін дәріптеп, отбасымен бірге келген тұрғындар өзгелерге үлгі көрсетуде.
Ұлттық киім киіп, отбасылық құндылықтарды қатар ұстанған азаматтар ел болашағы үшін өз таңдауларын жасап, кейінгі ұрпаққа өнегелі үлгі көрсетуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – ұлттық құндылық пен азаматтық жауапкершіліктің үндескен жарқын көрінісі.
Отбасымен бірге келіп, өз таңдауын жасау – жас ұрпаққа елге деген сүйіспеншілікті, азаматтық белсенділікті және жауапкершілікті сіңірудің тамаша жолы. Өңір тұрғындары бұл жолғы маңызды саяси науқанға ерекше бірлік пен көтеріңкі көңіл-күймен қатысып жатыр.
Таңдау – өз қолыңызда! Әрбір дауыс – ел ертеңіне қосылған үлес.



