Басты жаңалықтар

Түркістанда жағажай ашылды

Түркістанда Есу арнасында жаңа жағажай ашылып, келушілерді қабылдай бастады.

Түркістан қаласында Орталық Азиядағы бірегей Есу арнасында жаңа жағажай пайдалануға берілді. Демалыс орны тұрғындар мен қала қонақтарының жазғы тынығуына арналған.


Жағажайдың ұзындығы шамамен 1 шақырым. Мұнда суға түсуге арналған аймақтар, 4 құтқару мұнарасы, киім ауыстыратын бөлмелер, көлеңкелі шатырлар, балалар ойын алаңдары мен су сырғанақтары, жағажай волейболы және воркаут алаңдары жабдықталған. Сондай-ақ катамаран, қайықпен серуендеу және банджи-батут қызметтері ұсынылады.


Су сапасы арнайы зертханалық тексеруден өткен. Ал демалушылардың қауіпсіздігін арнайы дайындықтан өткен құтқарушылар қамтамасыз етеді.


Жағажайдың ашылуына орай мерекелік концерт ұйымдастырылып, келушілер суға түсіп, қайықпен серуендеуге мүмкіндік алды.

Жағажай күн сайын 08:00-20:00 аралығында жұмыс істейді. 6 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін, 7-14 жас аралығына – 500 теңге, ал 15 жастан жоғары келушілерге – 1000 теңге.

Басқа жаңалықтар

Back to top button