Басты жаңалықтар

50 гектарлық экобақ

Түркістанда Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қарашық өзенінің жағасында 50 гектарлық «Түркістан» экобағы ашылды. Ашылу салтанатында Жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды акция ұйымдастырылып, мыңдаған тұрғын қатысты.


Жаңа экобақ «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында бой көтерді. Демалыс аймағында 4 көпір, күн энергиясымен жұмыс істейтін 170 жарық шамы, спорт алаңдары, 4 мың шаршы метрлік балалар ойын алаңы, балық аулауға арналған 3 жағажай, барбекю және демалыс орындары салынған. Аумағына жергілікті климатқа бейімделген мыңдаған ағаш отырғызылды.


Салтанатты жиында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жаңа Конституцияның ел дамуы үшін маңызын атап өтіп, жаңа экобақ тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған заманауи қоғамдық кеңістік екенін айтты.


Шара аясында «Тәртіпке тартыл» жобасының финалы ұйымдастырылып, street workout спортшыларының көрсетілімі өтті. Кеш соңында қазақстандық эстрада жұлдыздары концерт қойып, мерекелік бағдарламаны қорытындылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button