Басты жаңалықтар

Өз өмірін қиғандар

Түркістанда батыр полицейлердің рухына тағзым етті

Түркістан облысында қызметтік міндетін атқару барысында ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерлерінің рухына тағзым етілді. Полиция департаментінде батырлардың құрметіне орнатылған мемориалға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. 

Еске алу шарасына Түркістан облысы ПД бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров, ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев, департамент басшылығы мен ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

Жиналғандар ел қауіпсіздігі жолында жанын пида еткен тәртіп сақшыларын бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Айта кетейік, облыс полицейлері қоғамдық тәртіпті күзетіп, қылмысқа қарсы іс-қимылды батыл жалғастырып келеді. Ал ерлікпен қаза тапқан сақшыларды еске алу шарасы өңірде дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button