Басты жаңалықтар

Жас шахматшы әлемді бағындырды

Ордабасы ауданының жас спортшысы Аружан Байділдә Испанияның Гуардамар қаласында өткен шахматтан XXV әлем чемпионатында ел намысын абыроймен қорғап, тарихи жеңіске жетті.

1–13 маусым аралығында өткен халықаралық жарыста ол ерекше нәтиже көрсетіп, блиц бағдарламасында алтын медаль алып – әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар, рапид бойынша қола, ал классикалық шахматтан күміс медаль иеленіп, үш түрлі санатта да үздіктер қатарынан көрінді.

Аружан бұған дейін де Қырғызстанда өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанып, өз деңгейін дәлелдеген болатын.

Жас шахматшының бұл жетістігі – Ордабасы ауданы үшін ғана емес, Қазақстан шахматы үшін де үлкен мақтаныш. Ол халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button