Басты жаңалықтар

160 көшеге жаңа асфальт

Түркістан қаласында биыл жалпы ұзындығы 138,5 шақырымды құрайтын 160 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


Қаладағы жол инфрақұрылымын жаңғырту аясында Отырар секторына қарасты Жолымбек көшесі де толық жаңартылып жатыр.

Ұзындығы 3 шақырым болатын көшеде ескі асфальт қабатын фрезалау жұмыстары аяқталып, жаңа жол жабынын төсеу басталды. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол құрылысы жүргізілуде.


Қала әкімдігінің мәліметінше, жол жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асып, тұрғындарға қолайлы инфрақұрылым қалыптастыру көзделген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button