Басты жаңалықтар
Рұқсатсыз дрон — заң бұзушылық

Түркістан қаласында ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) пайдалану қатаң бақылауға алынды. Енді қала аумағында дронды уәкілетті органдардың рұқсатынсыз ұшыруға болмайды.
Мамандардың айтуынша, ҰҰА пайдалану үшін міндетті түрде құрылғыны тіркеу, әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат алу және қауіпсіздік талаптарын сақтау қажет.
Заң талаптарын бұзған азаматтарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 563-бабына сәйкес айыппұл салынып, дрон тәркіленуі мүмкін.
Жауапты органдар тұрғындар мен қала қонақтарын заң талаптарын сақтауға шақырады.



