Басты жаңалықтар
Отырарда шіркейге қарсы күрес басталды

Отырар ауданында көктемгі зиянкестердің көбеюіне жол бермеу үшін шіркейге қарсы дезинсекциялау жұмыстары жүргізілуде. Жобада биологиялық әдістер қолданылады, бұл тұрғындардың денсаулығы мен ауыл шаруашылығын қорғауға бағытталған кешенді шара болып табылады, деп хабарлайды ,turkistanlife.kz

Дезинсекциялау шаралары Сырдария өзені бойы мен елді мекендер аумағын қамтиды. Қажеттілігіне қарай биологиялық өңдеуден кейін химиялық залалсыздандыру жұмыстары да жүргізіледі. Аталған жұмыстарды жүргізуге 10 қайық, 18 арнайы техника және 41 маман жұмылдырылған.



