АқордаБасты жаңалықтар

Тоқаев Иран төңірегіндегі шиеленіске байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ирандағы жағдайдың ушығуына және оның Қазақстандағы тұрақтылыққа ықтимал әсеріне байланысты нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді. Ол бұған дейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметін атқарған.

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке күштік құрылымдар мен салалық министрліктердің басшыларымен бірлесіп, шұғыл іс-қимылдар жоспарын әзірлеуді жүктеді.

Сонымен қатар Үкіметте Сыртқы істер министрлігі жетекшілік ететін арнайы мониторинг тобы жұмысын бастады. Аталған топ халықаралық ахуалды тұрақты бақылап, қажетті ұсыныстар әзірлейді.

Өңір әкімдеріне Таяу Шығыстағы жағдайды ескере отырып, жедел әрі үйлестірілген шешімдер қабылдау тапсырылды. Елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау мәселесі ерекше бақылауға алынған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button