Басты жаңалықтар
Қазақстан Қарулы күштерінде жоспарлы тексеру жүргізіледі

“Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің Қарулы Күштердің әскери басқару органдары мен әскери бөлімдеріне жоспарлы тексеру жүргізіледі”, деп хабарлайды министрлік.
Осыған орай 16–18 ақпан аралығында Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында әскери техниканың қозғалысы жүзеге асырылады. Соған байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының азаматтарын, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және әлеуметтік желі қолданушыларын жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз, делінген хабарландыруда.



