
Қырғызстанның Ыстықкөл өңірінде VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасы көкпардан ел намысын қорғайды, деп хабарлайды Turkistanlife.kz.
Бас жаттықтырушы Нұрдәулет Момынов бастаған көкпаршыларымыз жауапты додаға тыңғылықты дайындалып, жеңіс жолындағы шешуші сынға әзір.
1 қыркүйекте жеребе тарту рәсімі өтіп, қарсыластар анықталады. Ал 2 қыркүйекте топтық кезең кездесулері басталады.
Ел мерейін асқақтатуға аттанған көкпаршыларымызға сәттілік тілейміз!
Бас демеуші: «Самұрық-Қазына» қоры
Бас серіктес: Спортты қолдау қоры


