Басты жаңалықтар

Түркістанда Ясауи мұрасын балаларға таныстыратын анимациялық фильм жарық көрді

«Әзірет Сұлтан» музей-қорығында «Ясауи атамыздың шын қазынасы» атты балаларға арналған анимациялық фильмнің тұсаукесері өтті.

Фильмнің авторы – Ясауитану ғылыми орталығының ғылыми қызметкері Сұлтан Байсейіт. Жобаны орталықтың Ғылыми жарияланымдар және медиакоммуникация бөлімінің қызметкерлері бірлесіп дайындаған.

Тұсаукесерді музей-қорық директоры Ерлан Дәкенов ашып, Ясауи мұрасын жас ұрпаққа заманауи әрі түсінікті форматта жеткізудің маңызын атап өтті. 

Көрсетілімнен кейін оқушылар Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен мұрасына қатысты сұрақтарға жауап беріп, арнайы сыйлықтарға ие болды.

Анимациялық фильм балаларға адамгершілік, мейірімділік, адалдық пен білімге ұмтылу құндылықтарын насихаттауға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button