Басты жаңалықтар

Отырар мен Түркістанның тарихи жәдігерлері Астанадағы көрмеге қойылды

Астанадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Отырар–Түркістан: ортағасырлық ирригация және егіншілік мәдениеті» атты көрме ашылды. Экспозициядан өңірдегі суармалы егіншілікке қатысты археологиялық жәдігерлерді көруге болады.

Экспозицияға археологиялық зерттеулер кезінде табылған су арналары, арықтар мен каналдар, егіншілік құралдары және астық өңдеуге арналған бұйымдар қойылған. Бұл жәдігерлер ортағасырлық тұрғындардың жер өңдеу және суды шаруашылыққа пайдалану тәсілдерін көрсетеді.

Бастаманы «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы, «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы және ҚР Ұлттық музейі бірлесіп жүзеге асырды. Экспозицияны Астанадағы Ұлттық музейден 9 қарашаға дейін тамашалауға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button