Басты жаңалықтар

Түркістан жұртшылығы Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

Жапонияның Аичи-Нагоя қалаларында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында ел намысын абыроймен қорғаған Түркістан облысының спортшылары туған жерге оралды. Құрлықтық додада бақ сынаған өңір спортшылары ел қоржынын бағалы медальдармен толықтырды.  

• Алтын жүлде: Академиялық есуден ерлер арасындағы қос қайық (M2−) бәсекесінде Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Азия ойындарының чемпионы атанды.  

• Күміс пен қола: Байдарка мен каноэде есуден екі бағдарламада сынға түскен Ольга Шмелёва күміс және қола жүлдеге ие болып, Түркістан спортының мерейін үстем етті.  

Жеңімпаздарды Түркістан халықаралық әуежайында ҚР Туризм және спорт вице-министрі Мирас Тулебаев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, сондай-ақ туған-туыстары мен жанкүйерлері салтанатты түрде қарсы алды.  

Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев спортшылардың жетістігін жоғары бағалап, Түркістан қаласында салынған елімізде теңдесі жоқ Ескек есу арнасы спортшыларға үлкен серпін беріп отырғанын айрықша атап өтті.  

Айта кетейік, Владислав Яковлев пен Ольга Шмелёва – Түркістан облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің шәкірттері болса, Иван Чернухин – облыстық су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің өкілі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button