Басты жаңалықтар

Түркістан облысында «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 20 миллиард теңгеден астам қаржыға 25 әлеуметтік жоба іске асырылды

Осыған орай ұйымдастырылған баспасөз туры аясында республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі белсенділері өңірдегі бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.  

Атап айтқанда, қатысушылар Сауран ауданындағы материалық-техникалық базасы жаңғыртылған Ә. Сығай атындағы мектепте, Түркістан қаласындағы аутизм және басқа да менталдық бұзылыстары бар балаларға арналған орталықта, сондай-ақ жаңа заманауи телестудия ашылған №1 арнайы «Балабақша-мектеп-интернат» кешенінде болды. Сонымен қатар «100 ауылдық балалар спорт залы» жобасы аясында Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылындағы балалар спорт нысаны қажетті құралдармен толық қамтамасыз етілді.  

Биыл, яғни 2026 жылы Түркістан облысында жүзеге асырылып жатқан жобалардың жалпы құны 7,57 миллиард теңгені құрайды. Бұл қаражат білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, сондай-ақ әлеуметтік қолдау және оңалту бағыттарына бөлінген. Мәселен, өңірдегі ең ірі бастамалардың бірі – мектептерге «Білім-Инновация» лицейлерінің озық тәжірибесін енгізу жобасы болып табылады, ол 100 мектепті қамтып, 4 600 педагогтің біліктілігін арттыруға және 60 мыңнан астам оқушыға сапалы білім беру жағдайын жасауға бағытталған. Атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен алдағы жоспарлар «Адамға инвестиция: адами капиталды дамыту жолындағы қайырымдылық» атты «Қазақстан халқына – 2026» V Ұлттық қайырымдылық конференциясында кеңінен талқыланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button