Спорт
Тренд

Көкпарда «Әулие-атаның» үстемдігі жалғасып келеді

2026 жылғы 1–9 мамыр аралығында Талдықорған қаласында көкпардан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының XXV чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне Қазақстанның әр өңірінен 19 команда қатысып, тоғыз күн бойы чемпиондық атақты сарапқа салды, деп хабарлайды Turkistanlife.kz сайты.

Бас жүлде жолындағы шешуші сынға Жамбыл облысының «Әулие-ата» құрамасы мен Шымкент қаласының командасы шықты. Жамбылдықтар оған дейін жартылай финалда Алматы облысын 2:1 есебімен жеңсе, ақтық сында Шымкент құрамасынан 6:0 есебімен айқын басым түсті.

Осы жеңістен кейін «Әулие-ата» ел чемпионатындағы алтын жүлделерінің санын 16-ға жеткізді. Бұл — қазақ көкпары тарихындағы айрықша көрсеткіш. Бір қызығы, команда соңғы жылдары чемпиондық атағын ешкімге берер емес.

Ал Шымкент құрамасының финалға дейін жетуі де кездейсоқ нәтиже емес. Оңтүстік өңірде көкпар мектебі қалыптасқан, ұлттық спорттың тамыры тереңде жатыр. Сондықтан Жамбыл мен Шымкент арасындағы ақтық сын — жай ғана алтын үшін талас емес, қазақ көкпарының екі мықты мектебінің бәсекесі болды.

Чемпионат қорытындысында Жамбыл облысы — бірінші, Шымкент қаласы — екінші, Алматы облысы — үшінші, Қостанай облысы — төртінші орын алды.

Бас демеуші: Самұрық-Қазына қоры

Бас серіктес: Спортты қолдау қоры

 

Back to top button