Әлем тынысы

Криштиану Роналду Өзбекстанға келе ме? «Пахтакор» мен «Әл-Наср» матчтары белгілі болды

Малайзияның Куала-Лумпур қаласында АФК Элиталық чемпиондар лигасының жеребесі тартылды. Жаһан назарын аударған бұл рәсімде әлемнің үздік сұрмергені Криштиану Роналду өнер көрсететін Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы көрші Өзбекстанның «Пахтакор» командасымен бір топқа түсті. Футбол жанкүйерлері үшін бұл – үлкен жаңалық. Себебі аталмыш тартысты матчтардың бірі Ташкент қаласында өтеді. Бұл жанкүйерлерге аңызға айналған Роналдуды өз көздерімен көруге мүмкіндік береді. Жеребе қорытындысы бойынша «Пахтакор» өз алаңында «Әл-Насрдан» бөлек, Иранның «Эстеглял» мен «Трактор», сондай-ақ Сауд Арабиясының «Әл-Кадисия» клубтарын қабылдайды. Ал сырт алаңдағы ойындарда «Әл-Ахли», «Эйр Форс», «Әл-Хилял» және «Әл-Иттихад» командаларымен күш сынасады.
Өзбекстанның тағы бір өкілі – Ферғананың «Нефтчи» командасы да Азияның мықтыларымен бақ сынайды. Олар сырт алаңда тура Роналдудың «Әл-Насрымен» де кездеседі. Португалиялық жұлдыздың командасы қазір үлкен қаржылық қиындықтарды бастан кешіп жатыр. Айтулы спорт басылымдарының мәліметінше, клубтың жалпы қарызы 200 миллион доллардан асып кеткен. Осыған байланысты басшылыққа жаңа ойыншылармен келісімшарт жасауға уақытша тыйым салынған.

Бұдан бөлек, Криштианудың өзі бұл маусым мансабындағы соңғы жылдардың бірі болуы мүмкін екенін жасырмаған еді. Қалай болғанда да, биылғы чемпиондар лигасының маусымы ерекше тартысқа толы болмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button