Басты жаңалықтар

Садақа берудің жаңа тәсілі

Қазақстанда садақа, көрімдік пен сүйіншіге берілетін ақша алдағы уақытта цифрлық форматқа көшірілуі мүмкін. Яғни дәстүрлі жолмен берілетін қаржы мобильді қосымшалар арқылы автоматты түрде аударылатын жүйе енгізілуі ықтимал.

Бұл туралы BTS Digital өкілі Мақсат Нұриденұлы мәлімдеді.

Оның айтуынша, Aitu мессенджерінде қазақстандықтардың салт-дәстүрі мен күнделікті өміріне қатысты жаңа функциялар пайда болады. Соның ішінде отбасыға арналған мүмкіндіктерге ерекше мән берілмек.

Жаңа функциялар арқылы пайдаланушылар отбасылық чаттарда маңызды оқиғаларды жоспарлап, еске салғыштар орната алады. Сонымен қатар ата-бабалар мен туыстық байланыстар туралы мәліметтерді цифрлық форматта сақтауға мүмкіндік беретін «Шежіре» функциясы іске қосылады.

Ал қазақ және орыс тілдері арасында автоматты аударма жасау мүмкіндігі жоспарланып отыр.

BTS Digital өкілінің сөзінше, бұл жаңалықтар мессенджердің қазақстандықтардың ұлттық дәстүрі мен күнделікті өміріне жақынырақ болуына бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button