Басты жаңалықтар

Қауіпсіз жол, жайлы сапар

Түркістан облысында жол бойындағы сервис инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда

Бүгінде өңірде 105 жол бойы сервис нысаны жұмыс істейді, оның 86-сы ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келеді. Ел көлемінде жалпы 1428 нысан бар, соның 93%-ы сапа және қауіпсіздік стандарттарына сай.

Халықаралық көлік дәліздері мен транзиттік бағыттардың маңызы артып келеді. Осы ретте Шымкент қаласының айналма жолы бойында жаңа көпфункционалды сервис кешені іске қосылды. Жобаны жүзеге асырған инвестор — «PetroRetail» ЖШС.


Кешенде жеңіл және жүк көліктеріне арналған тұрақ аймақтары, сауда нүктелері, қоғамдық тамақтану орындары, санитарлық тораптар, ана мен бала бөлмесі және намазхана қарастырылған.


Өңірде жол бойындағы инфрақұрылымды кеңейту жұмыстары жалғасады. Жыл соңына дейін Түркістан облысында жеке инвестициялар есебінен тағы
5 жаңа сервис нысаны салу жоспарланған. Ал жалпы ел бойынша 37 нысан пайдалануға беріледі.

Бұл бастамалар жол қауіпсіздігін арттырып қана қоймай, шағын және орта бизнестің дамуына жаңа мүмкіндік ашуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button