Басты жаңалықтар

402 нысан жаңа иесін тапты

Қазақстанда жекешелендіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, жалпы құны 977 млрд теңгеге бағаланған 402 нысан сатылған.

Ведомствоның хабарлауынша, 2025 жылы республикалық бюджетке мемлекеттік акциялардан 164,7 млрд теңге дивиденд түсті. Сонымен қатар заңды тұлғалардағы қатысу үлестерінен 17,4 млрд теңге, ал республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысынан 11,1 млрд теңге түскен.

Өткен жылы 1 638 тұрғын емес нысан мен 107 жабдық жалға беріліп, бюджетке тағы 2,7 млрд теңге кіріс кірген.

Қаржы министрлігі жекешелендіру экономиканы дамытудағы маңызды тетіктердің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар мемлекеттік активтерді басқару мен корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button