Әлем тынысы
ҰЛЫБРИТАНИЯДА ТЕМЕКІ ДӘУІРІ АЯҚТАЛДЫ
Ұлыбританияда 2009 жылдан кейін туған азаматтарға темекі сатып алуға өмір бойы тыйым салынды.

Бұл дегеніміз – бұл буын ешқашан заңды түрде темекі ала алмайды. Осылайша билік темекі шегуді біртіндеп азайтып, болашақта толық тоқтатуды көздеп отыр.
Жаңа заң тек сатуға ғана емес, темекі шегуге қатысты талаптарды да күшейтеді. Енді балалар алаңдарында, мектептер мен ауруханалар аумағында темекі шегуге толық тыйым салынады. Бұл балалар мен жасөспірімдерді зиянды әдеттен қорғауға бағытталған.
Ресми деректерге сәйкес, елде темекі шегу жыл сайын жүздеген мың адамды ауруханаға түсіріп, ондаған мың адамның өліміне себеп болады. Сонымен қатар денсаулық сақтау жүйесіне миллиардтаған шығын келтіреді. Сондықтан билік бұл шешімді халық денсаулығын жақсартудың маңызды қадамы деп бағалап отыр.



