Басты жаңалықтар

Түркістанда асық ойынынан тарихи рекорд тіркелді

Наурызнама онкүндігі аясындағы «Ұлттық спорт» күні қарсаңында Түркістан қаласында айтулы тарихи оқиға орын алды. Бір мезетте 1 000-нан астам бала асық ойнап, Қазақстанның «КИнЭС» рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Бұл ауқымды шара ұлттық құндылықтарды жаңғырту және өскелең ұрпақты бұқаралық спортқа баулу мақсатында ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров, облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Эльмира Жанғазиева және белгілі блогер, кәсіпкер Олжасхан Қайрат қатысып, қатысушыларға ізгі тілектерін білдірді.

Шараның ресми қорытындысы бойынша Қазақстанның «КИнЭС» рекордтар кітабының өкілі Бақытжан Тастүлеков арнайы сертификатты табыстап, тарихи жетістікті ресми түрде растады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button