Басты жаңалықтар

Түркістан облысында дауыс берушілер референдум күнінде арнайы челлендж бастады

Түркістан облысында 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие. 15 наурыз күні таңғы сағат 07:00-ден бастап өңірдегі 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Осы орайда, дауыс берушілер арнайы #Менреферендумғабарамын хештегімен челленджді қолға алды. Челлендж аясында тұрғындар референдумға қатысу сәтінен фото және видеоларды әлеуметтік желілерде жариялап, аталған хештегпен бөлісуде.

Акция азаматтарды саяси маңызды іс-шараға белсенді қатысуға шақырып, азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Түркістан облысының тұрғындары референдумда өз таңдауларын жасап, ел болашағына бей-жай қарамайтындықтарын көрсетті.

Айта кетейік, референдум учаскелері барлық қажетті материалдық-техникалық құралдармен толық қамтамасыз етілген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button