Әлем тынысы
Ұлыбританияға кіру тәртібі өзгереді

Енді визасыз режим арқылы сапарлайтын шетел азаматтары Ұлыбритания аумағына алдын ала рәсімделген ETA (Electronic Travel Authorisation) электронды рұқсатынсыз кіре алмайды. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігі мәлімдеді , деп хабарлайды turkistanlife.kz
Жаңа талап 85 мемлекеттің азаматтарына қатысты. Егер жолаушыда ETA болмаса, әуе компаниялары оны рейске жіберуден бас тартуға құқылы.
Электронды рұқсат үш күнге дейін рәсімделеді. Құны – 16 фунт стерлинг (шамамен 10 мың теңге). Рұқсат екі жылға дейін жарамды болады.
Құжат алу үшін өтініш берушілер өмірбаяндық және биометриялық мәліметтерін тапсыруы тиіс. Британ билігі бұл шара ел шекарасының қауіпсіздігін күшейтуге және көші-қон үдерісін тиімді бақылауға бағытталғанын мәлімдеді.



