Басты жаңалықтарсаясат

Бөлінген ақша нәтиже бермесе, өңірлер қаржысыз қалады: Министр әкімдіктерге шұғыл ескерту жасады

Мемлекеттік қолдау қаражатын тиімсіз пайдаланған өңірлер келесі жылы қаржыландырудан мүлдем қағылуы мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жергілікті атқарушы органдарға бөлінген әрбір теңгенің нақты нәтиже беруін талап етіп, шұғыл тапсырма жүктеді.

Министрдің мәлімдеуінше, бюджеттен бөлінген субсидиялар мен жеңілдетілген несиелер құр есеп үшін емес,өндіріс көлемінің артуына және мал басының нақты көбеюіне тікелей ықпал етуі тиіс. Ендігі басты меже — жиналған өнімді сапалы сақтап, оны тиімді өткізу, ішкі нарықты отандық тауарлармен толық қамтамасыз ету және экспорт көлемін арттыру болып табылады.

Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрі Мемлекет басшысының халық табысын арттыру және инфляцияны тежеу жөніндегі тапсырмаларын еске салды. Осыған байланысты азық-түлік бағасының негізсіз қымбаттауына жол бермеу жергілікті әкімдіктердің басты міндеттерінің бірі болып белгіленді. Талапты орындамай, қаржыны тиімсіз игерген аймақтар келесі жылы мемлекеттік қолдаусыз қалуы ықтимал.

Басқа жаңалықтар

Back to top button