Басты жаңалықтар

Грант үшін биыл 127 мыңға жуық талапкер бақ сынады

2026–2027 оқу жылына бакалавриатқа 75 371 мемлекеттік грант бөлінді. Нәтижесінде 75 мыңнан астам талапкер грант иегері атанды.

Биыл конкурсқа 127 мыңға жуық өтініш түскен. Бұл былтырғы көрсеткіштен 14 мыңға көп.

Гранттардың:
60% — инженерлік-техникалық бағыттарға;
20% — педагогикалық мамандықтарға;
20%  — басқа бағыттарға бөлінді.

Ал талапкерлер арасында ең көп сұранысқа ие бағыттар — педагогика, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, сондай-ақ IT бағыттары.

Айта кетейік, барлық деңгей бойынша биыл 89 457 мемлекеттік грант қарастырылған. Оның ішінде 75 371 — бакалавриатқа, 11 007 — магистратураға, 3 079 — докторантураға арналған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button