
Түркістан облысында мақсатсыз пайдаланылған 50 мың гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылды. Оның ішінде мал басы тіркелмеген жайылымдар мен бос жатқан алқаптар бар. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен шұғыл аппарат мәжілісінде белгілі болды, деп хабарлайды тілшіміз.
Өңірдегі жер қоры 11 млн гектардан асады. Биыл билік 40 мың гектарды қайтаруды жоспарлағанымен, тексеріс нәтижесінде көрсеткіш жоспардан асып,
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров бос жатқан жерлерді тартып алу жұмысын бұдан да қатты күшейтуді бұйырды.
«Ауыл шаруашылығы жерлерін иеленіп, бірақ пайдаланбай отырғандарға тоқсан сайын мониторинг жүргізілсін. Мал басы тіркелмеген жайылымдық жерлер мен бос жатқан учаскелерді мемлекетке қайтару жұмысын жеделдету керек», – деп кесті әкім.
Түркістан облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілегеннің айтуынша, қазір өңірде 87 мыңнан астам жеке және заңды тұлғаның иелігінде 4,5 млн гектар ауыл шаруашылығы жері бар. Олардың барлығына ескерту хаттар берілген.

Бұдан бөлек, өңірде субсидия дауы да назарға алынды. Былтыр мемлекеттен 6,8 миллиард теңге субсидия алған 541 кәсіпкердің тек 213-і ғана (жартысына жетпейтіні) бюджетке 23,7 млн теңге салық төлеген. Қалғандары бойынша тексеріс жүріп жатыр. Қазір арнайы комиссия 97 жер пайдаланушының құжаттарын «сүзгіден» өткізуде.
Ресми мәлімет бойынша, жыл басында Түркістан облысындағы ауылдарда 531,1 мың гектар қоғамдық жайылым тапшылығы анықталған.
Бұл мәселені шешу үшін биыл қайтарылған жерлердің 165,6 мың гектары ауылдық округтерге халықтың малы үшін бекітіп берілді. Дегенмен, өңірде әлі де 365,5 мың гектар жайылым жердің тапшылығы сезіліп отыр.
Жерді қайтару және оны халыққа бөліп беру мәселесін облыс әкімі өз бақылауына алды.



