Басты жаңалықтар

Енді картоп арзандай ма?

Сайрамдық диқандар миллиардтаған тонна өнім жинап жатыр

Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданының диқандары картоп жинау науқанын белсенді бастап кетті. Биыл аудан бойынша жалпы көлемі 3 700 гектар алқапқа картоп егілген.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, қазіргі таңда егістіктің 950 гектары толық жиналып, қоржынға 1 134 тонна өнім түсті. Жергілікті шаруалардың агротехникалық талаптарды тиімді қолдануының арқасында өнімділік көрсеткіші жоғары — орташа есеппен әр гектардан 205 центнерден өнім алынуда.

Жиналған алғашқы өнім көлемі ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында бірден сауда нүктелеріне жөнелтіліп жатыр.

Аудандық әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, өнім жинау жұмыстары бекітілген кестеге сай, еш үзіліссіз жүргізілуде. Мамандар биылғы қолайлы ауа райы мен диқандардың қажырлы еңбегінің нәтижесінде маусым соңына дейін жоспарланған межеден де мол өнім алуға мүмкіндік бар екенін айтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button