Басты жаңалықтар

Робот өсірген қызанақ

Түркістан облысы, Келес ауданында еліміздің агроөнеркәсіп тарихындағы ең ірі жоба — «Ecoculture-Eurasia» жылыжай кешені іске қосылады. Бұл жоба — Қазақстандағы ғана емес, Еуропадағы ең ірі жабық заманауи агро-қалашық болмақ.


Жобаның ауқымы таңғалдырады: Алғашқы кезеңнің өзінде 51 гектар аумақтан 27 мың тонна өнім алса, жоба толық жүзеге асқанда жылыжай алқабы 500 гектарға дейін ұлғаяды. Бұл — Қазақстан мен Еуропадағы ең ірі көрсеткіштердің бірі.

Құны 42 миллиард теңге болатын зауыт жылына 240 мың тонна экологиялық таза қызанақ өндіруді жоспарлап отыр. Қаржыландыруды Қазақстанның Даму банкі жүзеге асыруда.


Жылыжай «ақылды» технологиямен жабдықталған. Нидерландтық құрал-жабдықтар орнатылған өндіріс орнында суару, қоректендіру, температура мен жарық — бәрі цифрлық жүйе арқылы автоматты түрде басқарылады. Тамшылатып суару технологиясы арқылы су ресурстары үнемделеді.

Жоба аясында 1000-нан астам адам жұмыспен қамтылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button