Басты жаңалықтар
Түркістандық теннисші Аустралияда тарихи нәтижеге қол жеткізді

ITF жасөспірімдер рейтингінде 12-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы Австралияның Траралгон қаласында өтетін ITF J300 турнирінде ширек финалға шығу арқылы ел спорт тарихына енді. Түркістан қаласында туған жас теннисші Australian Open жасөспірімдер турнирі алдындағы маңызды жарыстың үздік сегіздігіне сенімді түрде өтті.
Үшінші кезеңде ол рейтингте 21-орында тұрған америкалық Гэвин Гудты жеңіп, жарыстың 1/4 финалына жолдама алды. Осы нәтижемен Заңғар Нұрланұлы Траралгондағы J300 санатындағы жеке сында ширек финалға шыққан алғашқы қазақстандық теннисші атанды.
Алдағы кезеңде ол ITF Juniors рейтингінде бесінші орында тұрған Бразилия өкілі Луиш Гута Мигельмен жартылай финал жолдамасы үшін кездеседі.



