Басты жаңалықтар

Түркістан: Сайрамда «Ерлігі үшін» медаль иегері Мұхаммеджан Қансейтов дауыс берді

Сайрам ауданында жалпыхалықтық референдумға азаматтардың қатысуы жоғары. Солардың бірі – Қазақстан Республикасының «Ерлігі үшін» медалінің иегері Мұхаммеджан Қансейтов. Ол Қайнарбұлақ ауылдық округіне қарасты Шіркін ауылындағы №553 учаскеге келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Ел басына қиын кезең туғанда ерлік көрсеткен азамат бүгінгі саяси науқанда да белсенділік танытып, өзге азаматтарға үлгі көрсетті.

Облыстағы барлық референдум учаскелері қажетті материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтар, оның ішінде кресло-арбаларды пайдаланушылар үшін жасырын дауыс беруге арналған кабиналар мен арнайы бұрыштар қарастырылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button