Басты жаңалықтар

Түркістан этностары бірлік пен елдіктің үлгісін көрсетті

Түркістан облысындағы республикалық референдумда этнос өкілдері ерекше белсенділік танытуда. Татулық пен келісімнің мекеніне айналған өңірде түрлі этномәдени бірлестік мүшелері таң атпастан дауыс беру учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Түркістан облысы — 100-ден астам этнос өкілі бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан аймақ. Бүгінгі саяси науқанда облыс халқының, соның ішінде этнос өкілдерінің жоғары белсенділігі ел ертеңіне деген ортақ жауапкершіліктің айқын көрінісі болды.

Дауыс беру учаскелерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалып, азаматтар ерекше рухпен дауыс беруде. Бұл дәстүр қатысушылардың отансүйгіштік сезімін оятып, саяси науқанның мерекелік сипатын арттыра түсті.

Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері учаскелерге алғашқылардың бірі болып келіп, үлгі көрсетті.

Халқы тығыз орналасқан өңірдегі бұл белсенділік Қазақстандағы ішкі тұрақтылық пен этносаралық келісімнің моделі іс жүзінде жұмыс істеп жатқанын көрсетті. Әртүрлі ұлт өкілдерінің жарқын болашаққа деген сенімі мен ел дамуына қосар үлесі референдум барысында анық байқалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button