Басты жаңалықтар

Шардарада армрестлингтен 12 дүркін әлем чемпионы Нұрдәулет Айдархан референдумда дауыс берді

Шардара ауданындағы №849 дауыс беру учаскесінде белгілі спортшы, қол күресінен 12 дүркін әлем чемпионы, «Шардара Армспорт» клубының мүшесі Нұрдәулет Айдархан республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады,деп хабарлайды turkistanlife.kz

Спортшының айтуынша, мемлекет дамуы мен қоғамның болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын мұндай шараларға әрбір азамат бей-жай қарамауы тиіс. Оның референдумға қатысуы жастарға үлгі болып, азаматтық белсенділікті арттыруға ықпал етеді.

Шардара ауданында 33 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп, 42 978 дауыс беруші тіркелген. Ерекше жағдайды қажет ететін мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы болу үшін барлық учаскелер бірінші қабатқа орналастырылып, пандустармен жабдықталған.

Республикалық референдумға қатысу әрбір азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін көрсетеді және мемлекет дамуына әсер ететін ортақ шешімнің бір бөлігі болып табылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button