Басты жаңалықтар

Референдум: Түркістан облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов өз таңдауын жасады

Түркістан облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады. Ол Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-де орналасқан №133 дауыс беру учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды turkistanlife.kz

«Бұл жай ғана дауыс беру емес — бұл біздің ортақ болашағымызға, балаларымыздың ертеңіне деген жауапкершілік. Референдум мемлекетіміздің даму бағытын айқындайды. Дауыс беру учаскесіндегі сайлаушылардың көптігінен бұқараның болашаққа деген сенімін көрдім. Ел тағдырына бей-жай қарамай, азаматтық белсенділік танытқан баршаңызға рақмет!» – деді Нұралы Әлмаханұлы.

Сонымен қатар, Түркістан облысында 15 наурыз күні сағат 07:00-ден бастап 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Облыста 1 187 257 азамат дауыс беруге құқылы, қазіргі таңда тұрғындар маңызды шараға белсенді қатысуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button