Басты жаңалықтар

Мүгедектігі бар азаматтарға дауыс беруді қолжетімді ету шаралары жүргізілуде

Түркістан облысында республикалық референдумға қатысу үшін мүгедектігі бар азаматтарға толық қолайлы жағдай жасалды. Облыста 16 601 ерекше қажеттілігі бар дауыс беруші тіркелген: олардың ішінде 4 000 адам қоларба пайдаланса, 8 171-і көру қабілеті нашар, 4 430-ы есту қабілеті шектеулі, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Барлық 948 референдум учаскесінде пандустар, тактильді жолақтар, жасырын дауыс беруге арналған кабиналар және арнайы бұрыштар орнатылған. Референдум күні мүгедектігі бар азаматтардың учаскелерге жетуін қамтамасыз ету үшін 170 әлеуметтік және инватакси, сондай-ақ 131 ымдау тілі маманы қызмет көрсетеді.

Барлық учаскелер «Қолжетімді орта» интерактивті картасына енгізіліп, дауыс беруге толық қатысуға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button