Басты жаңалықтар

Нұралхан Көшеров ЕҚЫҰ өкілімен кездесті

Түркістан облысы мен ЕҚЫҰ арасындағы байланыс нығая түспек. Өңір басшысы мен Алексей Рогов экологиялық бастамалар мен тұрақты даму бағытындағы ортақ жоспарларды пысықтады , деп хабарлайды turkistanlife.kz

Өңір басшысы Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жан-жақты баяндап, инвестициялық мүмкіндіктер мен өндірістік әлеуетке тоқталды. Атап айтқанда, ет, мақта және жүгері бағытындағы кластерлік жобалардың маңызына ерекше назар аударылды. Бұл бастамалар ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамытуға, экспорт көлемін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Нұралхан Көшеров халықаралық ұйымдармен серіктестікті нығайту өңірдің тұрақты дамуына серпін беретінін атап өтті.

Алексей Рогов Түркістан өңіріне алғаш рет келгенін айтып, аймақтың қарқынды дамуына жоғары баға берді. Ол Түркістанның тарихи-мәдени әлеуеті мен заманауи келбеті ерекше әсер қалдырғанын жеткізді. Сондай-ақ экологиялық бастамалар мен орнықты даму жобаларына қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастықты жалғастырып, нақты жобалар аясында байланысты күшейтуге уағдаласты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button