Хаменеидің қазасы: Әлемдік көшбасшылар не дейді?

Иранның Жоғарғы көшбасшысы Аятолла Әли Хаменеидің қазасы туралы хабар Таяу Шығыстағы жағдайды ғана емес, бүкіл әлемдік саяси тұрақтылықты дүр сілкіндірді. Әлемдік көшбасшылар мен дипломатиялық орталықтар Хаменеи өмірінің саяси, діни және халықаралық маңыздылығын атап өтіп, түрлі пікір білдіруде.
Кейбір елдер АҚШ пен Израильдің әрекеттерін қатаң айыптаса, енді бірі дипломатиялық жолмен шешім қабылдауға шақырды.
Ресей мен Қытай АҚШ пен Израильді қатаң айыптады.
Владимир Путин (Ресей президенті):
«Хаменеидің өлімін мораль нормалары мен халықаралық құқықты бұзу деп атады. Біздің елімізде аятолла Хаменеи Ресей мен Иран арасындағы достық қарым-қатынастарды дамытуға, оларды жан-жақты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеруге зор жеке үлес қосқан көрнекті мемлекет қайраткері ретінде есте қалады».
Ван И (Қытайдың сыртқы істер министрі):
«Қытай әрдайым халықаралық даулардың кез келгені диалог пен консультациялар арқылы шешілуін қолдап келеді. Бейжің күш қолдану мен санкцияларға қарсы… Осыған байланысты Қытай Израильдің Иранға әскери күш қолдану арқылы шабуыл жасап, халықаралық құқықты бұзуына үзілді-кесілді қарсы».
Ильхам Әлиев (Әзірбайжан президенті):
«Иран Ислам Республикасының Жоғарғы көшбасшысы Аятолла Сейед Әли Хаменеи мырзаның қайғылы қазасы туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадық. Оның өмірден өтуі — Иран үшін орны толмас ауыр қаза. Осы қиын сәтте бауырлас әрі достас иран халқына бейбітшілік, тұрақтылық және өркендеу тілейміз».
Эммануэль Макрон (Франция президенті):
«Францияға бұл туралы алдын ала ескертілген жоқ және бұл әрекетке қатысқан жоқ. Сол сияқты аймақ елдері мен біздің одақтастарымыз да қатыспады. Иранның ядролық бағдарламасы, баллистикалық зымырандарға қатысты қызметі және аймақтағы тұрақсыздық мәселелері соққылар арқылы шешіледі деп ешкім ойламауы керек».
Қасым-Жомарт Тоқаев (Қазақстан президенті): Қазақстан Президенті Таяу Шығыстағы жағдайды ушықтырмауға шақырды. СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың хабарлауынша:
«Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания королі Абдалла II-ге жолдау жолдап, қазіргі күрделі кезеңде бауырлас Иордания халқына қолдау білдіріп, ынтымақтастық танытты. Президент жағдайдың ушығуына әкелуі мүмкін әрекеттерден тартынуға шақырып, кез келген халықаралық қақтығыстар тек дипломатиялық жолмен шешілуі тиіс екенін тағы да атап өтті».
Владимир Зеленский (Украина президенті):
«Украиналықтар ешқашан Иранға қауіп төндірген жоқ, алайда Иран режимі өзі Путиннің серігі болуды таңдады және оны «Шахед» дрондарымен ғана емес, сонымен қатар технологиялармен де қамтамасыз етті. Иран Ресейге басқа да қару-жарақ жеткізді. Басқа халықтар да террордан зардап шекті. Сондықтан Иран халқына террористік режимнен құтылып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беру әділ деп есептейміз».
Хакан Фидан (Түркияның сыртқы істер министрі):
Иран сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесу барысында Аятолла Әли Хаменеи қазасына байланысты көңіл айтты. Тараптар аймақтағы жағдайды талқылап, Хосров Аракчи Иранның ел аумағының тұтастығын сақтау ниетін ерекше атап өтті.



