Келес ауданында «Ауыл – Ел бесігі» жобасымен 20-дан астам көше жаңарды

Келес ауданының инфрақұрылымын жақсарту мақсатында өткен жылы 3,3 млрд теңгеге 10 ірі жоба іске асырылды. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 8 елді мекендегі жол мәселесі оң шешімін тауып, ауыл келбеті жаңа сипат алды, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Нәтижесінде жалпы ұзындығы 33,9 шақырым болатын 7 елді мекендегі 21 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Жүзімдік ауылында – 11 көше, Жаңа қоныста – 3 көше, Жамбыл, Қарабура және Алғабас елді мекендерінің әрқайсысында – 1 көшеден жөнделді. Сонымен қатар, Қоңыртөбе мен Береке ауылдарында 2 көшеден жаңартылды.

Ауданда сапалы электр қуатымен қамту мәселесі де кезең-кезеңімен шешімін табуда. Саңырау, Қоңыртөбе, Үшағаш және Ақсу елді мекендерінде электр желілері тартылып, трансформаторлар орнатылды. Нәтижесінде тұрғындар тұрақты әрі сапалы электр қуатына қол жеткізді. Сондай-ақ, Абай ауылында заманауи спорт кешені пайдалануға берілді. Ал Жүзімдік елді мекенінде 149 орындық жаңа Мәдениет үйінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Нысанды биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр.



