Басты жаңалықтар

Төлебиде көлік газ құбырына соғылып, өртеніп кетті

Түркістан облысы, Төлеби ауданына қарасты Абдулабад ауылында жол-көлік оқиғасы салдарынан газ құбыры зақымданып, көлік өртенді, деп хабарлайды turkistanlife.kz

«QazaqGaz Aimaq» АҚ апаттық қызметіне хабарлама түскен бойда мамандар оқиға орнына жетті. Анықталғандай, жеңіл көлік газ құбырының жерүсті бөлігіне соғылған. Соққыдан құбыр зақымданып, газ ағуы салдарынан өрт тұтанған. Қазіргі таңда тлсіз жау толық ауыздықталған. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.

Мамандар техникалық жұмыстар аяқталған соң нысанды толық қалпына келтіруге уәде берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button