Салық төлеушілердің назарына!

2026 жылғы 28 ақпанға дейін арнаулы салық режимін таңдау қажет.
Егер сіз оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдануды жоспарласаңыз.
2026 жылғы 28 ақпанға дейін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынуыңыз қажет.
Маңызды: Хабарлама уақытында ұсынылмаса, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген режимге автоматты түрде көшіріледі.
Хабарламаны ұсыну жолдары:
Салық төлеуші кабинеті (ИСНА АЖ)
E-Salyq Business мобильді қосымшасы
Мемлекеттік кірістер басқармасына қағаз түрінде
Банктердің мобильді қосымшалары арқылы
(қазіргі таңда — «Halyk Bank» и «Kaspi Bank», «мемлекеттік қызметтер» бөлімі)
Ескерту: 2025 жылдың соңында «көшу» себебімен хабарламаны қате ұсынған салық төлеушілер үшін.
2026 жылғы 12 қаңтардан бастап хабарламаны қайта ұсыну мүмкіндігі қолжетімді.
Егер хабарламаны қате жолдаған болсаңыз —жаңа хабарламаны қайта ұсыну қажет.



